Компания
"Мәтен Петролеум" АҚ 2010 жылдың қыркүйегінде құрылды. "Мәтен Петролеум" АҚ - ға тиесілі -Мәтен, Қара Арна, Шығыс Көкарна кен орындарында мұнай өндіру 90-шы жылдары басталды. Осы кен орындарына қысқаша тоқталайық.
2014 жылдан бастап "Мәтен Петролеум" АҚ SINO-Science NETHERLANDS ENERGY Group B. V компаниясына тиесілі.
(1) Атырау облысындағы Шығыс Көкарна кен орнында көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруді жүргізуге арналған келісімшарт 19.02.2028 жылға дейін қолданылады.
(2) Атырау облысындағы Қара Арна мұнай кен орнында көмірсутек шикізатын өндіруге арналған келісімшарт 16.04.2034 жылға дейін қолданылады
(3) Атырау облысының Матин мұнай-газ кен орнын игеруді жүзеге асыруға арналған келісімшарт 31.12.2043 жылға дейін қолданылады.
Шығынсыз өндіру
Мұнай өндіру кезінде онымен бірге ілеспе газы да шығады. Көптеген кен орындарында оны ресурстарын жоғалтып, ауаны ластап, жай ғана өртеп жібереді. Мәтен кен орнында бұған басқа шешім табылды – бұл жерде газ босқа кетпейді, ол тікелей өндіру барысында қайта пайдалануға беріледі.
Мәтен кен орны Қызылқоға ауданының оңтүстік Ембі мұнайлы аймағының орталық бөлігінде орналасқан. Бұл жерде ұңғымалардың сағаларынан газ-мұнай қоспасы жеке желілер арқылы автоматтандырылған топтық өлшеу құрылғысына жеткізіледі. Нысанда орнатылған Emerson жүйесі әр ұңғыманың параметрлерін белгілеп, деректерді нақты уақыт режимінде диспетчерлік пунктке жібереді. Бұл өндіру процесін бақылауға және кішігірім ауытқуларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Содан соң дайындалу процесі басталады. Мұнайды дайындау қондырғысында (МДҚ) қоспа үш құрамдас бөлікке – мұнай, газ және суға бөлінеді. Алдымен газ эмульсиядан мұнай-газ сепараторында бөлінеді, содан кейін ылғал мен механикалық қоспалардан тазартылады.
Тазартылған ілеспе газды электр энергиясымен кәсіпшілікті қамтамасыз ететін қазандықтарда және газ поршенді электр станцияларында мұнайды қыздыру үшін пайдаланады. Осылайша кен орны ішінара өз энергиясымен жұмыс істейді.
Бөлінген мұнай резервуарларға жіберіледі. Ол жерде мұнай түпкілікті дайындықтан өтеді. Барлық жабдық қымтаулы және автоматтандырылған – адамның араласуы барынша азайтылған. Мұндай модель Мәтен кен орнында 2009 жылдан бері қолданылып келеді, және өзін сенімді әрі тиімді жүйе ретінде көрсетті: шығындар барынша азайтылып, ілеспе газ тиімді пайдаланылуда.
Бұл қалай жұмыс істейді
(кәсіпорынның техникалық анықтамасы)
Төменде «Мәтен» кен орнында технологиялық процестің принципиалдық схемасы келтірілген:
А – ұңғымалар
В – дайындау учаскесі
С – газ поршенді электр станциясы (ГПЭС)
1 – мұнай газ сепараторы (МГС)
2 – газ сепараторы (ГС)
3 – №1 ГПЭС
4 – №2 ГПЭС
5 – №3 ГПЭС
6 – кен орнын электрмен жабдықтау
7 – дренаждық сыйымдылық (ДС)
8 – есепке алу аспаптары (ЕА)
9 – газды құрғату аппараты (ГҚА)
10 – резервуар паркі (РП)
11 – жылыту пештері (ЖП)
12 – қазандық (К)
Газ-мұнай эмульсиясы келесі тізбек бойынша сепарациядан және тазартудан өтеді: (МГС) мұнай газ сепараторы → ГС (газ сепараторы) → ГҚА (газды құрғату аппараты) → ЕҚ (есепку алу аспаптары) → ГПЭС (№1–3 газ поршенді электр станциялары) → ЖП (жылыту пештері) → К (қазандық).
Мұнайдан бөлінген ілеспе газы толығымен кен орнының жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады.
